СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТЕДІ

«Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ мүдделі тұлғаларды (қоғам өкілдерін, жергілікті тұрғындарды) келесі қала құрылысы жобаларының материалдары бойынша қоғамдық талқылаулардың өткізілетіні туралы хабардар етеді:

«Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі Созақ елді мекенінің бас жоспары» (түзету).

Аталған жобаның мақсаты — ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және жоғарыда аталған Түркістан облысының елді мекендерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған аумақтың сәулеттік-жоспарлау ұйымдастырылуын айқындау.

Қоғамдық талқылаулар 2026 жылдың 30 сәуірінде сағат 15:00-демына мекенжай бойынша өтеді:Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №16.

Тапсырыс беруші: «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

Жобалау ұйымы: «Redline Pro» ЖШС.

Ескертулер мен ұсыныстар мына электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады: Arch_SKO@mail.ru

Байланыс телефоны: +77015531666.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауда соңғы қоңырау шарасы аталып өтті

Шардарада VII–VIII ғасырларға тиесілі балбал тас табылды

Таразда мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевке шабуыл жасалды

berdaly_oraz