Арыстың төрт жігіті Отан қорғауға аттанды

Арыс қаласындағы Ақынбеков көшесіндегі көпқабатты үйдің төрт тұрғыны бір уақытта әскер қатарына қосылды. Көрші болып бірге өскен жігіттердің ел алдындағы борышын өтеуге бірге аттануы – патриотизмнің жарқын үлгісі.Бұл туралы Arysinfo.kz хабарлайды.

Бұл жас сарбаздар үшін үлкен жауапкершілік пен ерлік жолының бастауы. Олардың бір мезетте әскерге аттануы Арыс жастарына үлгі болып, Отан алдындағы міндетті абыроймен атқаруға деген сенімділікті арттырары сөзсіз.

Қазіргі таңда мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау көрсетілуде. Әскерге аттанған азаматтар несиелік демалыс алу мүмкіндігіне ие, сондай-ақ үлгілі қызметі үшін жоғары оқу орнының гранты негізінде тегін білім алуға жол ашылған. Сонымен қатар, ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Әскерге аттанған арыстық жігіттерге сәттілік пен мықты денсаулық тілейміз! Олардың ел алдындағы борышын абыроймен өтеуіне сенім білдіреміз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТТІ

Жетісайлықтар құлпынай өсіруді қолға алуда

Өңір жаңалықтары: Бәйдібек ауданында тағы бір елді мекен газбен қамтылды

Пікір жазу