Сарыағашта ішкі талдау нәтижелері талқыланды

Сарыағаш ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан ішкі талдау жұмыстарының нәтижесі арнайы жиында талқыланды. Бұл шара 2025 жылғы 21 сәуір мен 4 маусым аралығында жергілікті атқарушы органдарда бекітілген кестеге сәйкес өткізіліп жатыр.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Омархан Ыбрайдың төрағалығымен өткен отырысқа аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалуы мүмкін салалар мен оларға қатысты құжаттар егжей-тегжейлі сараланып, тәуекелдердің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Талқылау қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа ықпал етуі мүмкін факторларды жою үшін талдау және зерделеу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды күнделікті әрі тұрақты негізде жүргізу талап етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш: жазғы сауықтыру орталығының жөндеу жұмыстары пысықталды

berdaly_oraz

ТҮРКЕСТАНДА БАЗАРЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo

Өскемен маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты: бір адам оқиға орнында көз жұмды

Redaktor Arysinfo