АУЫЛ – ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Түркістан облысы Арыс қаласы  Қожатоғай ауылдық округінің әкіміне үміткер

ӘЖЕН ӘДІЛХАН ҚҰТЫБАЙҰЛЫНЫҢ

ӨМІРДЕРЕГІ:

Әжен Әділхан Құтыбайұлы, 19.05.1976 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы  Қызылқұм  ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

Үйленген,  зайыбы Иманбекова Гүлжан Кыдырбайқызы.

Төрт ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 02.1994-08.06.1997 жылдар аралығында «Кемел» кіші кәсіпорында бухгалтер;
  • 01.2003-03.26.2004 жылдар аралығында «Марсель Петролеум» ЖШС-да жүргізуші;
  • 06.2005-14.08.2013 жылдар аралығында Отырар ауданы Қожатоғай ауыл әкімі аппаратының салық агенті;
  • 08.2013 жылдан бастап қазіргі  таңға  дейін  Қожатоғай ауылдық  округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді.

ҮМІТКЕРДІҢ  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;
  • Ауыл шаруашылық теліміндегі жерлерді (шабындық, жайылым, егістік,т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастыру;
  • Қожатоғай ауыл округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, бағдарлама игілігін көруге ауыл тұр,ындарын жұмылдыру;
  • Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмау;
  • Ауылдың көгалдандыру, абаттандыру мәселесіне көңіл бөліп, денсаулық, білім, мәдениет саласының жұмысына қолдау білдіру,
  • Ауыл жастарынының көкейтесті мәселелерін оңтайлы шешіп, жастарды ауылдық жерде тұрақталып еңбек етуіне жұмыс көздерін қарастыру, теріс діни ағымдардың ықпалынан, жат қылықтардан аулақ болуына бағыт –бағдар беруді басты назарда ұстау.

Түркістан облысы Арыс қаласы  Қожатоғай ауылдық округінің әкіміне үміткер Әжен Әділхан Құтыбайұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда міндетін дұрыс атқармаған басшыларға шара көрілетіні ескертілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Түркістанда шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасып жатыр

Пікір жазу