Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер
САРМАНТАЕВ БАУЫРЖАН БОСТАНДЫҚҰЛЫНЫҢ
ӨМІРДЕРЕГІ
Сармантаев Бауыржан Бостандықұлы, 1984 жылы 10 ұарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.
Білімі жоғары.
Үйленген, зайыбы Садирбаева Гүлмира Батырбайқызы.
Бір қыз, екі ұлы бар.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
2011 — 2013 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «СМЕРШ» ЖШС күзет агентігіне күзетші;
2013 — 2014 жылдар аралығында «Вымпел Group» ЖШС күзет агентігінде күзетші;
2015 — 2016 жылдар аралығыда Алматы қаласындағы «Северное Сияние ЛТД» ЖШС-де маман;
2016 жылдың 12 мамыр айынан бастап бүгінгі таңға дейін Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман-заңгер қызметін атқарып келеді.
ҮМІТКЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- Инфрақұрылымды дамыту
Ауыл ішілік жолдарды жөндеу және жарықтандыруды кезең-кезеңімен жүргізу;
Ауызсу мәселесін түбегейлі шешуге күш салу;
Интернет пен мобильді байланыстың сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізу.
- Әлеуметтік сала
Мектеп, балабақша, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту;
Жастарды спортқа, өнерге баулу үшін үйірмелер мен секциялар ашуға қолдау көрсету;
Әлеуметтік әлсіз топтарға тұрақты көмек көрсету.
- Ауыл шаруашылығын қолдау
Шаруа қожалықтарын кооперацияға біріктіруге жәрдемдесу;
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кеңес және қолдау көрсету;
Суармалы егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау.
- Тұрғындармен кері байланыс
Әкімдік ашықтығын қамтамасыз ету – халықпен тұрақты кездесу өткізу;
Әлеуметтік желілер мен басқа да құралдар арқылы тұрғындардың пікірін ескеру.
Түркістан облысы Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер Сармантаев Бауыржан Бостандықұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.