Шымкенттік дәрігерлер 101 жастағы ардагердің жағдайын тексерді

Шымкенттік дәрігерлер 101 жастағы ардагердің үйіне барып, денсаулығын тексерді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Дәрігерлер Нина Мосунованың жағдайына оң бағасын берді.

Нина Мосунова 1943 жылы Можайск маңындағы қанды шайқастарға пулеметші ретінде қатысқан.

Радистер бөлімінің командирі болған ардагер майдан даласында ерлікпен көзге түскен.

Қарт майдангер көрсетілген ілтипат пен құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 28 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ БАЛА ТУУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫН АЛДЫ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев көпбалалы аналарды ерекше құрметке бөлеп,марапаттады

berdaly_oraz

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТЕДІ

Redaktor Arysinfo