БАСТЫ МАҚСАТЫМ — АУЫЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Түркістан облысы Арыс қаласы  Байырқұм ауылдық округінің әкіміне «AMANAT» партиясынан үміткер Мейрбеков Жолбарыс Рысбековичтің

ӨМІРДЕРЕГІ:

Мейрбеков Жолбарыс Рысбекович, 1977  жылы 12 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Байырқұм ауылында  дүниеге келген.  Ұлты – қазақ.

Білімі жоғары.

Үйленген,  зайыбы Есқараева Жадыра Мүсілімқызы.

Бір қыз, төрт ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

01.04.1997 — 22.02.1999 жж. Шардара қаласы «Шардара» МКК, экономист;

20.04.1999 — 06.08.2002 жж. «Шардара су —жылу жүйелері» МКК, инженер;

28.08.2002 — 01.02.2005 жж.  Арыс қаласы әкімдігінің еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші  маманы;

15.08.2006 — 01.08.2008 ж.ж . Шардара қаласы «Югхлопкопром» ЖШС, бухгалтер — кассир;

01.09.2008 01.07.2009 ж.ж. Шардара қаласы «Қазмақта» ЖШС, бухгалтер кассир;

20.10.2009 08.04.2012 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы халыққа қызмет көрсету бөлімі Арыс қалалық филиалының инспекторы;

09.04.2012 — 26.07.2021 ж.ж . Байырқұм ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарған.

27.07.2021 жылдан бастап Арыс қаласы Байырқұм ауылдьқ  округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.

 

ҮМІТКЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

 Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына, шаруа қожалықтарына жан-жақты мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру.

Байырқұм, Көкжиде, Жосалы ауылдарын жарықтандыру. Ауылішілік  ағын су мәселесін шешу, Байырқұм БК-1каналын жөндеуден өткізу,  Көкжиде, Байырқұм  ауылы Тұрғынбаев және М.Маметова көшелеріне аяқжол құрылысын жүргізу.

Экология. Ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу. Байырқұм, Көкжиде ауылдарын тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон құрылысын жүргізу;

Медициналық қызмет. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру.

Әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау.

Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастармен үнемі жұмыс жүргізу. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға жастарды шақырып, бос жұмыс орындарын ұсыну.

«Жұмыспен қамту», «Еңбек», «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жұмыстарды жүргізіп, ауыл халқының әлеуметтік  жағдайын көтеру.

 

Түркістан облысы Арыс қаласы  Байырқұм ауылдық округінің әкіміне «AMANAT» партиясынан үміткер Мейрбеков Жолбарыс Рысбековичтің сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда полиция бастығы тұрғындарға қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды

admin_arysinfo

Арыста сауда орындарының қауіпсіздігі басты назарда

berdaly_oraz

Пікір жазу