Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер
МОМБЕКОВ ҚАНАТ АСЫЛХАНҰЛЫНЫҢ
ӨМІРДЕРЕГІ
Момбеков Қанат Асылханұлы, 1987 жылы 27 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.
Білімі жоғары.
Үйленген, зайыбы Серікбаева Асылзат Қалдыбайқызы
Бір қыз, бір ұлы бар.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
12.09.2008-15.03.2012 жылдар арасында II, III, IV дәрежелі слесарь, «Қоңыр ат» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;
15.03.2012-13.11.2013жылдар арасында инженер-технолог, «Қоңыр ат» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;
13.11.2013-21.11.2014 жылдар арасында техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) инспекторы, «Қоңыр ат» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;
21.11.2014-27.04.2015 жылдар арасында техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) бастығы, «S.G.M.Group» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;
27.14.2015-02.08.2015 жылдар арасында техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) инспекторы, «S.G.M.Group» ЖШС Арыс локомотив жөндеу депосы, Арыс қаласы;
12.05.2016-05.09.2016 жылдар арасында «Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,бас маман статист, салық агенті м.у.а.Арыс қаласы;
30.04.2020- 04.05.2020жылдар арасында «Дермене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,бас маман статист, салық агенті Арыс қаласы;
04.05.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Арыс қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бас инспектор Арыс қаласы.
ҮМІТКЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- Инфрақұрылымды жақсарту
Ішкі жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу және қиыршық тас төсеу жұмыстарын жалғастыру;
Ауыз су мәселесін шешу: орталықтандырылған су жүйесін тарту жобаларын әзірлеу және қаржыландыруға ұсыну;
Электр желілерін жаңарту мәселесін аудандық деңгейде көтеру;
Интернет және ұялы байланыс сапасын арттыру үшін операторлармен жұмыс жүргізу.
- Әлеуметтік саланы дамыту
Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
Мәдениет үйлері мен спорт алаңдарын жөндеу немесе салу жобаларын әзірлеу;
Жастармен жүйелі жұмыс жүргізу: үйірмелер, спорттық жарыстар, бос уақытты тиімді өткізу орталықтарын ашу.
- Ауыл шаруашылығын қолдау және жұмыс орындарын көбейту
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау: мемлекет бағдарламаларына қатысуға кеңес және көмек көрсету;
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға ынталандыру;
Мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдарды реттеу, су көздеріне қол жеткізуді ұйымдастыру;
Инвесторлар тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.
- Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту
Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жолдарын жетілдіру;
Медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін фельдшерлік пункттермен қамту мәселесін шешу;
Қоғамдық көлік қатынастарын дамытуға күш салу.
- Ашықтық пен халықпен кері байланыс
Халықпен тұрақты кездесулер өткізу, онлайн және офлайн форматта есеп беру;
Әкімдік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Түркістан облысы Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округінің әкіміне үміткер Момбеков Қанат Асылханұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.