Арыс ауданының прокуроры Алмас Себжанұлы қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді,-деп хабарлайды Arysinfo.rz тілшісі.
Қабылдау барысында қала тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, шамадан тыс жүк артатын ауыр жүк көліктерінің қозғалысына қатысты шағымдар, кәсіпкерлік мақсатында пайдаланылатын жер телімдерін заңдастыру, сондай-ақ тұрғын үй құжаттандарын рәсімдеу, жер кезегі, тұрақты жұмыс, жол салу, газдандыру сынды мәселелері талқыланды.

Аудан прокуроры аталған сұрақтарға әкімдіктің жауапты сала басшыларымен бірге заң аясында түсініктеме берді. Сонымен қатар, кейбір мәселелерді жан-жақты зерделеу қажеттігін атап өтіп, олардың шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
