Деннің саулығын ауырғанда емес, алдын ала медициналық тексерулерден өту арқылы сақтауға болады.
Ол үшін азаматтар тікелей емханаға барып немесе eGov порталы арқылы тіркеле алады. Бүгінде тұрғындарға 700-ге жуық медициналық орталық қызмет көрсетеді. Айта кеткен жөн, бір дәрігерге тіркелген науқастардың саны 1700-ден аспауы керек. Мамандар сондай-ақ тұрғылықты мекенжайға жақын амбулаторияны таңдауға кеңес береді.
Емханаға тіркелуін eGov порталынан немесе iKomek 109 қолдау қызметі арқылы тексеруге болады.
