Түркістан облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

Түркістан облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысында құрылыс нысандарының сапасы қатаң қадағалануда. Өткен жылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында құрылыс сапасын арттыру мәселесі талқыланды. Жиын барысында аймақ басшысы заңсыз құрылыс жұмыстарын болдырмау, бақылауды күшейту және айыппұлдарды толығымен өндіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Тексерулер мен анықталған кемшіліктер

2024 жылы облыс аумағында 416 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 950 әкімшілік хаттама толтырылған. Заң бұзушылықтарға байланысты жалпы көлемі 290 млн теңге айыппұл салынса, оның 262,7 млн теңгесі өндірілді.

Құрылыс нысандарының сапасына жүргізілген тексерулер барысында кемшіліктер анықталған. Әсіресе, жол құрылысы, газ, су және электр жүйелерінің құрылысында бірқатар заңбұзушылықтар орын алған. Нәтижесінде:

  • 23 жол құрылысы нысаны,
  • 27 газ жүйесі нысаны,
  • 9 ауыз су жүйесі нысаны,
  • 8 электр желісі нысаны бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұл салынды.

Құрылыс саласындағы тәртіп күшейтіледі

Тексеру нәтижесінде сапасыз жұмыс атқарған 36 мердігер компанияға шара қолданылды. Сонымен қатар, «ӘлемСтрой-1» ЖШС және «Саха-2005» ЖШС компаниялары лицензияларынан айырылды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауға жауапты 19 техникалық қадағалаушының аттестаттары уақытша тоқтатылды.

Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне заңсыз құрылыстарды анықтау, бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізу және құрылыс сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Әкімнің айтуынша, облыстағы барлық құрылыс нысандары дизайн код талаптарына сай болуы керек.

Түркістан облысының бақылау басқармасы құрылыс нысандарының сапасын қадағалауды жалғастыра бермек. Алдағы уақытта заңсыз құрылысқа жол берген компаниялар мен мердігерлерге қатысты қатаң шаралар қолдану жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

berdaly_oraz

Арыс қаласындағы мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізілді

Қоныс – көшу емес, келешекке сенімді қадам!

berdaly_oraz

Пікір жазу