11 мамыр – Аналарға деген шексіз алғыс пен құрметтің күні

Aналар – тіршіліктің тұтқасы, мейірім мен махаббаттың мәңгі сарқылмас қайнары. 11 мамыр – Ана атына деген ардақ пен тағзымның айқын белгісі. Бұл – әр жүрекке ең қымбат жанға ризашылық білдіретін ерекше күн.

Ана – өмірге сәуле сыйлаған шуағы мол жан. Оның жүрегі – шексіз махаббаттың, төзім мен қамқорлықтың ұйытқысы. Сәбиінен бастап елін сүйетін ер азамат тәрбиелеген де – Ана. Сондықтан оның еңбегі мен құрметі өлшеусіз.

Аналар күні – тек мереке емес, ұрпақ пен ұлттың ұлы құндылықтарын ұлықтайтын сәт. Бұл күні ананың жан жылуын сезініп, оның алдында тағзым ету – әр адамның парызы.

Осы айтулы мерекеде ақ жаулықты аналарымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз! Қашанда жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден шаттық кетпесін!

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА КОМПОЗИТОР ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БАЙҚАУ ӨТТІ

ҚҰСБЕГІЛІК — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА

Redaktor Arysinfo

4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

berdaly_oraz

Пікір жазу