КОМАНДАЛЫҚ АЙТЫСТА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қостанай қаласында «Адал еңбек – ел дәулеті» атты командалық айтыс өтті. Бұл додада Қостанай және Түркістан облыстарының ақындары өнер көрсетіп, суырыпсалмалық қабілеттерін сынға салды.Ақындар жоғарғы деңгейде жырлап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Жарыстың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, айтыс өнерін дамыту және ақындардың шеберлігін шыңдауға бағытталған.

Аламан бәйгеде танымал ақын, айтыстың ақтаңгері Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Олар қатысушылардың өлең құрылымы, тақырыпты ашу деңгейі мен тапқырлығына баса назар аударды.

Нәтижесінде, Түркістан облысының командасы жеңіске жетіп, Астанада өтетін жартылай финалға жолдама алды. Ұйымдастырушылар мұндай сайыстардың ұлттық өнерді дамытудағы маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын табатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының мақтанышы Ерсайын Сырайылұлы мемлекеттік наградаға ие болды

berdaly_oraz

Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

Альфия Адамбек

Түркістандағы аламан айтыста Шұғайып Сезімхан бас жүлдені иеленді

berdaly_oraz

Пікір жазу