Түркістанда «Ақтөбе бояулары. Қала мен табиғат көрінісі» атты жылжымалы көрме болып өтті. Шараның салтанатты ашылуында Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев сөз алып, алғысын білдірді. Содан соң Түркістан облыстық бейнелеу музейінің директоры Айнабек Оспанов өңір тарихына тоқталып, әріптестеріне сәттілік тіледі. Өнертанушы ҚР Суретшілер мен Журналистер одағының мүшесі, халыкаралык, республикалык, облыстық жеке өнер жобаларының кураторы Мария Жұмағұлова Түркістан қаласын руханият ордасында екенін атап өтіп, шараның мақсатына тоқталды.
Көрмеге ақтөбелелік ҚР Суретшілер одағының мүшелері Жаханов Мақсұт, Казакова Ильсуяр, Қожақұлов Манас, Беликова Лилия, Ноғаев Қайрат, Еспаев Айдар және тағы да басқа еркін суретшілердің жұмыстары мен кескіндеме туындыларынан жабдықталған 21 жұмыс қойылды. Ақтөбе облыстық өнер музейінің директоры Марат Габдрахмановтың Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің қорындағы «Үлкен шатқал» жұмысы көрмеден орын алды. Ақтөбе облыстық өнер музейінің «Ақтөбе бояулары. Қала мен табиғат көрінісі» атты жылжымалы көрмесі оңтүстік өңірі тұрғындарын республиканың батыс өңірінің табиғатымен және қала өмірімен таныстыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жылжымыла көрмені Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық Бейнелеу өнері музейі мен «Ұлы Дала Елі» орталығы, Ақтөбе облыстық өнер музейі ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсаты – Ақтөбе қаласының өзіне тән сәулеті, көше пейзаждары мен халық өмірінің көріністерін суретшілердің көзімен көрсетіп, көрермендерге қаланың ерекше эстетикалық келбетін жеткізу, картиналар арқылы қаладағы әртүрлі көріністердің символдық мәнін ашу. Аталған көрмені қала қонақтары мен тұрғындары 21 қарашадан 5 желтоқсанға дейін тамашалай алады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі




