ТҮРКІСТАН: ҮШ АҚЫН. ҮШ ӘЛЕМ. ҚАСИЕТТІ ҚАЛАМ.

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Үш ақын. Үш әлем. Қасиетті қалам» атты атаумен Абай Қалшабектің «Жүрек ішіндегі өмір», Әлімжан Әлішердің «Лаура қосылған Латте», Бауыржан Ерманның «Галактикадағы Ғұмыр» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлының ақындарға арнайы алғыс хатын басқарманың бөлім меңгерушісі Мұқағали Кенжетайұлы табыстады. Аталған кітаптар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың бастамасымен жарық көріп отыр.
Кітаптың тұсауын «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, журналист, сазгер, профессор Бекжігіт Кенжебекұлы, Түркістан қалалық маслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, ақын, облыстық мәдениет басқармасының бөлім меңгерушісі Мұқағали Кенжетайұлы және «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы кесіп, көрерменге таныстырды.
Кеш қонақтары Қазақстан Республикасының журналистер одағы, Түркі әлемі жазушылар одағы, Дүние таланттары одағының мүшесі Өтебаева Несіпкүл Мейманханқызы және журналист, Қазақстанның құрметті азаматы Роза Нарымбетова құттықтау сөз алып, ақындардың шығармашылығына шабыт тіледі.
Ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазымның модераторлығымен өткен кеште Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірмесінің оқушылары ақындардың өлеңдерін оқыды. Жиналған көпшілік ақындарға қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

Белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаева өмірден өтті

admin_arysinfo

4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

berdaly_oraz

Пікір жазу