ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ӨНЕРІМІЗ САҒАН – ҚАЗАҚСТАН!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

Бүгін Алматы облысы, Қарасай ауданында Қазақстанда тұратын этностар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау және дамыту мақсатында «Өнеріміз саған – Қазақстан!» республикалық фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизм мен еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру. Қазақстан халқының бірлігін сақтау және еліміздің көптүрлі мәдени жетістіктерін көрсету.
Аталмыш шараға барлық этномәдени бірлестіктердегі қазақ халқының ұлттық өнерін жетік меңгерген (домбыра, қобыз, сырнай, тағы басқа ұлттық аспаптарда ойнайтын, қазақ әні мен биін орындайтындар) этностық топ өкілдерінің жеке және топтық орындаушылары қатысты.
Осы орайда, аталған фестивальде Түркістан облысының намысын қорғаған Мұратжан Атажанов «Ән салу» номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ «Өнеріміз саған – Қазақстан!» республикалық фестивалінде тағы бір жерлесіміз саурандық Дильноза Таджиметова өз өнерімен көпшілікті тәнті етті. Дильноза «Ән салу» номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ халқының құндылықтарына құмартып өскен бұрымды домбыра шертуді 15 күнде үйреніп алған. Түрлі дәстүрлі ән байқауларында бақ сынап, шеберлігін шыңдап жүрген ол өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған «Мың бала» жобасында барлық кезеңді артқа қалдырып, республикалық мәреде де бірінші болды. Осы сайыста «Сүгірдің термесін» шырқаған Дильноза көпшіліктің көңілінен шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

АРЫСТА КОМПОЗИТОР ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БАЙҚАУ ӨТТІ

Қазақстан мүфтияты Биткоинді харам деп жариялады

berdaly_oraz

Пікір жазу