Президент Тоқаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдап, ведомствоның атқарған жұмыстары мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы есеп тыңдады.

Кездесу барысында министр су тасқыны қаупіне байланысты жағдайды баяндады. Оның айтуынша, елдегі ахуал тұрақты, сегіз өңірдегі су деңгейі бақылауда. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей және Қырғызстанмен деректер алмасуды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Президент су тасқынына қарсы шараларды күшейту, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша тапсырмалардың орындалуын жалғастыру қажеттігін баса айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда өткен халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті

berdaly_oraz

Сарыағаш ауданында ерте пісетін картопты жинау науқаны басталды

berdaly_oraz

Алматы әуежайында ерлік жасаған азамат марапатталады

berdaly_oraz