Тоқаев: Дағдарыс жағдайда Ұлттық қор мен алтын-валюта резерві қолданылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында жұртшылықпен кездесуде жаһандық экономикалық ахуалға бейімделу және ұлттық экономиканы қорғау жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан экономикалық дағдарыс тереңдеген жағдайда Ұлттық қор мен алтын-валюта резервінің мүмкіндіктеріне сүйене алады.

«Үкімет кез келген жағдайға алдын ала дайын болып, батыл әрі тиімді шешім қабылдай білуі керек. Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық өсімі көлік, құрылыс, өнеркәсіп және сауда салалары арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Бұл – үлкен жетістік», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ұлттық экономикаға сын-қатер төнген сәтте қорған болар тетіктердің бар екенін айтып, кәсіпкерлердің белсенділігі мен жауапкершілігіне де сенім артты.

Ұқсас жаңалықтар

Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі

berdaly_oraz

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған — Айдос Үкібай

berdaly_oraz

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу