ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРИЛА АСАНҚЫЗЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

Жуырда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты аяқталды.  Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Түркістандық ару Нұрила Асанқызы жеңімпаз атанды. Жаһандық додада чемпион атанған батыр қыз туған жеріне оралды.
Әйелдер арасында алғаш рет енгізілген жауынгерлік самбодан +80 келіде күш сынасқан түркістандық Нұрила Асанқызы топ жарды. Сондай-ақ 80 келіде бақ сынаған Ұлбосын Абилова қола жүлдені қанағат етті. Ғаламат нәтиже көрсеткен жерлестерімізді Түркістан теміржол вокзалынан спорт саласының мамандары және туған-туыстары үлкен құрметпен қарсы алды.
Айта кетейік, Нұрила финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Агажановамен қиян-кескі шайқас өткізіп, 7:4 есебімен басым түсті. Нағыз намысты қолдан бермеген Нұрила мұрны сынып, ауыр жарақат алса да берілмей, аяғынан дейін тайталасып, жеңіске қол жеткізді. Жүлде салған спортшылар – Түркістан облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.

Ұқсас жаңалықтар

Әскери қызметкерлерге «кредиттік демалыс» берілетін болды

berdaly_oraz

Бекзат Саттарханов туралы «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті

Арыста Ұлы Отан соғыс ардагері Сайлаубек Сарыпбекті еске алуға арналған ардагерлер турнирі өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу