АРЫСТА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТУДЕ

Чемпионаттың ашылу салтанатында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев пен Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов та қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың болашақ жастар өміріндегі маңызын атап өтті.

Ол боксшылардың талпынысы мен еңбегінің бағаланатынын, жеңіс жолында тек қана спортшылардың ғана емес, олардың жаттықтырушыларының да үлесі зор екенін айтты.

Жарыс барысында боксшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болу үшін барын салуда. Чемпионат қорытындысымен жүлделі орын алған боксшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алатын болады, бұл олардың кәсіби мансабында маңызды кезең болмақ.

Жарыс Арыс қалалық Спорт кешенінде өтуде.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызмет

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 спортшысы жүлдегер атанды

Альфия Адамбек

Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

berdaly_oraz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРИЛА АСАНҚЫЗЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

1 пікір

Ерасыл 28.10.2024 at 17:52

Керемет көруге барамын

Жауап беру

Пікір жазу