Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтарға қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасау болып табылады.
Осы орайда Түркістан облысы Арыс аудандық прокуроры Арыстанбеков Алмас Себжанұлының төрағалығымен қала көлеміндегі қылмыстылық деңгейі және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында уәкілетті органдардың қабылдаған шараларының жай-күйі мәселесі бойынша Мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Аталған мәжіліске қала әкімі орынбасары Рысдәулет Айтбаев, ҚР ҰҚК ТОД Арыс қалалық бөлімінің бастығы Арысбек Жәнібек, Аудандық полиция бөлімі бастығы Бауыржан Қуатов, білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков және мүдделі қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібінде қала көлемінде криминогендік жағдай және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында (оның ішінде кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар және жол көлік оқиғалары) мәселелер бойынша Арыс ауданы прокуратурасының аға прокуроры Сейілбек Арынбеков баяндама жасады.
Арыс АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Қабылжан Тастеміров қала көлемінде қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан есеп берді.
Күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша талқылау өтіп, жиын қорытындысымен хаттама түзіліп, орындау үшін мүдделі органдарға жолданды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі









