1,5 мың шымкенттікке заңсыз қайта жабдықталған көліктерін пайдалануға тыйым салынды

Шымкентте жыл басынан бері көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың 1422 жайты анықталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оның ішінде 70-ке жуық жүргізуші автокөліктің шығару жүйесіне өзгеріс енгізген. Бұл тек көлікті пайдалану қағидаларын бұзу ғана емес, сонымен бірге жол қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Қайта жабдықталған темір тұлпардың әдетте жолда қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін техникалық ақаулары болады.

Шығару жүйесіндегі шудың деңгейін арттыратын бөлшектерді орнату қоғамдық тыныштықты бұзумен қатар, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маңызды сигналдарды естуге кедергі келтіріп, жол апатының қаупін арттырады.

Полиция автокөліктің конструкциясына кез келген өзгеріс енгізу үшін тиісті рұқсат қажет екенін еске салады.

Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 30 000 жаднама халыққа таратылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында жерді зерттеу және өңдеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Альфия Адамбек

Түркістан: ҚХА-ның 30 жылдығы аясында этнос жастары арасында «БАБАЛАР ҮНІ» байқауы басталды