Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында әкімдік 2025-2027 жылдар аралығында бірқатар жаңа шараларды қолға алмақ

Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында әкімдік 2025-2027 жылдар аралығында бірқатар жаңа шараларды қолға алмақ. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, алдағы өзгерістер көлік қозғалысын реттеп, ауаның ластануын азайтуға бағытталған.Бұл туралы Arysinfo.kz Ushqyn.kz сілтеп хабарлайды.

Қала билігі алдымен автотұрақ тарифтерін көтеруді жоспарлап отыр.

«2024 жылдың 1 шілдесі мен 1 тамызынан бастап автотұрақ құнын арттыру көзделген. Бұл шара әлемнің басқа мегаполистеріндегі тәжірибеге сүйене отырып енгізіледі. Соның нәтижесінде қала орталығындағы ескі көліктердің саны азаяды деп күтілуде», – деді Ерболат Досаев.

Қала әкімі алдағы уақытта экологиялық аймақтар құру жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл жоба қоғамдық кеңес пен мәслихаттың қарауына ұсынылады. Біздің басты мақсатымыз – жоғары жылдамдықты қоғамдық көлікті дамыту», – деп атап өтті ол.

Ескі автокөліктерді қалаға кіргізуге қатысты шектеулер енгізу – әкімдіктің ең маңызды бастамаларының бірі. Досаев бұл өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын мәлімдеді. «Егер көлік инфрақұрылымының негізгі жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталса, 2027 жылы алғашқы шектеулер енгізіледі», – деді қала басшысы.

Шектеу тетіктерінің бірі – белгілі бір аймақтарға ескі көліктердің кіруін ақылы ету. «Көлік Алматыда тіркелген, бірақ заманауи экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді делік. Мұндай жағдайда белгілі бір аймақтарға, мысалы, Шығыс айналма жолға кіру ақылы болуы мүмкін. Бірақ электромобильдер мен жаңа көліктерден төлем алынбайды», – деп түсіндірді Досаев.

Әкімнің айтуынша, бұл бастама Нью-Йорк қаласының тәжірибесіне негізделген. «Маған адамдар Нью-Йорк туралы көп айтады. “Төлем енгізілгеннен кейін Манхэттеннің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі көлік қозғалысы төмендеді” дейді. Нью-Йорк мұндай жүйені енгізу үшін ұзақ жылдар бойы дайындалған. Егер біз 2026 жылдың соңына дейін дайын болсақ, 2027 жылы алғашқы шектеулерді іске қосамыз», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП ЖАТЫР

Зеленский Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне алғыс айтты

berdaly_oraz

«Күдіктілер арасында әскери қызметкер бар» Сарыағашта мүгедектігі бар жас жігітті айдалада өлтіріп кетті

berdaly_oraz

Пікір жазу