Алматы қаласындағы қатты қалдықтарды өңдеу зауытынан әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Оқиғаға қатысты ақпарат әлеуметтік желіде таралып, кейіннен полиция бұл деректі растады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.
Алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес, марқұм мен күдікті бірге ішімдік ішіп отырған. Алайда араларында жанжал туындап, ер адам әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған.
Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.