АРЫС: ӘЙЕЛ – БИЗНЕС БИІГІНДЕ: ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНЕ 10 ЖЫЛ

Арыс қаласында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жанынан құрылған қалалық кәсіпкер «Іскер» әйелдер кеңесінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Әйел – бизнес биігінде» атты салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Арысинфо.kz тілшісі
Жиынға қала әкімі Қайсар Маңқараев, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, ТО «Атамекен» кәсіпкерлік палатаның жанынан құрылған «ІСКЕР» әйелдер кеңесінің төрағасы м.у.а. Гульбахира Тәжібаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, «Аманат» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, сондай-ақ қала кәсіпкерлері мен тұрғындар қатысты.
Мерекелік шара іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің өнімдері қойылған көрмеден басталды. Көрме барысында көпшілікке тағам өнімдері, қолөнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдар ұсынылды.
Салтанатты жиында қала әкімі Қайсар Маңқараев сөз сөйлеп, іскер әйелдер кеңесінің 10 жылда атқарған жұмыстары Арыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін бергенін атап өтті. Ол кәсіпкер әйелдердің табандылығы мен жаңашылдығының арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың келбеті жаңарып келе жатқанын ерекше атап өтіп, еңбектеріне ризашылық білдірді.
Шара барысында табысқа жеткен, кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, отбасындағы міндетін де қатар алып жүрген нәзік жандарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.
Одан кейін қонақтар Іскер әйелдер кеңесінің 10 жылдық белесін саралаған мазмұнды бейнероликті тамашалады.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен күйге өрілген концерт іскер әйелдер еңбегіне деген алғыстың айқын көрінісі болды.

Ұқсас жаңалықтар

“72 жасқа толады”: биыл Президент туған күнін тойламайды

Сауранда жаңа оқу жылын 24 мыңға жуық оқушы бастады

berdaly_oraz

Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықаралық симпозиум басталды

berdaly_oraz