Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылындағы көшелерге бейнекамералар орнатылды

Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылындағы көшелерге бейнебақылау камералары орнатылғаны анықталды. Бұл туралы ақпарат тілшімізге дереккөз арқылы түсті,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Дереккөздің айтуынша, видеокамералар халық көп шоғырланған орындарға және орталық көшелерге қойылған. Ақпаратты растау мақсатында тілшіміз ауыл көшелерін аралап, бейнебақылау жүйелерінің орнатылғанын өз көзімен көрді. Жалпы саны алты камера анықталды.

Алғашқы үш камераны анықтау оңай болған. Қалған үшеуінің нақты орналасқан жері ұзақ бақылау барысында белгілі болды. Тексеру нәтижесінде камералар келесі орындарға қойылғаны анықталды:

– орталық жол қиылысы;

– Б.Онтаев мектебінің алды;

– мәдениет үйі жанындағы балалар алаңшасы;

– тіс емханасы маңындағы қиылыс;

– үлкен ағын су маңы;

– аурухана алдындағы жол қиылысы.

Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының қандай мақсатта орнатылғаны туралы ресми ақпарат берілмеді. Ал дереккөздің айтуынша, жүйе ауыл ішіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

Төле би ауданында 1700 адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Өңір жаңалықтары: Келесте зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда

Ертең «Тесік көпір» Арыс Сырдария жолы уақытша жабылады

berdaly_oraz