«Арыс» футбол клубы «Ордабасы (жастар)» командасын 2:0 есебімен жеңді

«Арыс» футбол клубы «Ордабасы (жастар)» командасын 2:0 есебімен жеңді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Арыс қаласының Орталық стадионында өткен тартысты ойында жергілікті «Арыс» футбол клубы Қазақстан чемпионатының екінші лига командалары арасындағы 4-тур кездесуінде «Ордабасы (жастар)» командасын 2:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері бастаманы өз қолдарына алды. 33-минутта шабуыл шебінде өнер көрсеткен Диас Исақұл шеберлігін танытып, алғашқы голды соқты. Бұл сәт командаға тың серпін беріп, шабуыл қарқынын одан әрі күшейтті.

Екінші таймда да арыстық ойыншылар өз шеберліктерін көрсетіп, Ерболат Құралбаевтың әдемі голының арқасында есепті 2:0-ге жеткізді. Қорғаныс шебінде де сенімді ойнаған команда қарсыластың барлық шабуылына төтеп беріп, өз қақпаларын «құрғақ» ұстады.

Бұл жеңіс — жаттықтырушылар мен ойыншылардың ауызбіршілігі мен тиянақты дайындықтарының нәтижесі. «Арыс» футбол клубының бұл табысы жанкүйерлердің сенімін ақтап, келесі кездесулерге үлкен мотивация берері сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмір қымбатсың маған» семинар-тренингі өтті

berdaly_oraz

Арыс қаласының шаруаларына жеңілдетілген бағамен дизель отыны бөлінді

berdaly_oraz

Түркістанда тоңазытқыш шығаратын зауыт ашылды

Пікір жазу