Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Арыс қалалық « Ардагерлер орталығы» гимаратында қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Ғани Садықов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен «Әжелер алқасы» және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Пленумді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жүргізіп отырды. Пленумның күн тәртібіндегі алғашқы мәселені көпшілікті таныстырып:
-Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсілов төрт жыл көлемінде ұжымды тиянақты басқарып, қалада алғаш рет ардагерлер орталығының ашылуына және ардагерлерді басын жинап, олардың арасында талай игі істердің көрініс табуына мұрындық болды. Өзіне жүктелген міндетін абыроймен атқарып, облыс көлемінде өткен қаншама шараларда ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді,-деді.
Таяуда Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайлануына байланысты, Тәңірберген Әсіловтің өтінішін кеңес мүшелерінің қанағаттандыруын сұрады.
Пленумнің екінші бөлімінде, ардагерлер кеңесінің төрағасылығына «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі», ақын-жазушы, бірнеше жинақтардың авторы, талай жылдар мектеп директоры болып қызмет атқарған Әбсаттар Сағатұлы Жүністің кандидатурасын таныстырды. Әбсаттар Сағатұлының есімі Арыстықтар жақсы таныс болатын. Кеңес мүшелері ол туралы жақсы пікірлерін жарыса жеткізіп,кандидатураны бір ауыздан мақұлдап, ардагерлер кеңесінің төраға етіп Әбсаттар Сағатұлы Жүністі сайлады.