Арыс қалалық мәслихат депутаты сайлаушылармен кездесу өткізді

Қалалық мәслихат депутаттары өз сайлаушыларымен тығыз қарым — қатынаста жұмыс жасайды және бекітілген кестеге сәйкес кездесулер өткізіп отырады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кеше, 27.05.2025 жылы №11 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихат депутаты Ақтаев Нұрбол Қарсыбайұлы Ақдала ауылы Мәдениет үйінде  халықпен кезекті кездесуін өткізді.

Кездесуге Арыс қалалық мәслихатының аппарат басшысы М.Сыдыхов, ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Сатыбалды,Қ.Жабақ ,Құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Битлесов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, №11 сайлау округінен сайланған Арыс қалалық мәслихатының депутаты Н.Ақтаев өз сайлаушыларына атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алда атқарылуы тиіс жұмыстарымен таныстырды.

Кездесу барысында көшелерді жарықтандыру, газ мәселесі, балалар ойын алаңшаларын салу және т.б. сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Жиын соңында мәслихат депутаты Н.Ақтаев  айтылған ұсыныстар мен өтініштердің назарға алынатындығын және жергілікті атқарушы органға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.

Жиынға қатысушы тұрғындар кездесуге оң бағаларын беріп, мәслихат депутаты Н.Ақтаевтің жұмысына сәттілік тілеп, тарқасты.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 20 жылға жуық еңбек өтілі бар жұмыскер бұрынғы жұмысына қайта орналастырыды

Блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамалды

Алматыда Жириновскийдің ескерткіші ашыла ма?

berdaly_oraz

Пікір жазу