Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі. 

Арыс қаласы тұрғындары үшін жағымды жаңалық! 26 наурыз күні қасиетті Қадыр түніне орай қала ішінде қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл игі бастаманы «Арыс BUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көтеріп, қала әкімдігімен бірлесе жүзеге асырып отыр.

Тұрғындар осы күні кез келген бағыттағы автобустарға ақысыз мініп, өз істерімен қала ішінде еркін жүре алады. Қадыр түні – мұсылмандар үшін ерекше түндердің бірі. Осыған орай ұйымдастырылған тегін көлік қызметі қала халқы үшін ыңғайлы болмақ.

Айта кетпесе болмас,тегін автобустарды қолдану барысында тәртіп пен қоғамдық көлік мәдениетін сақтауды ұмытпайық!

Қасиетті түн жақсылық пен ізгілікке толы болғай!

Ұқсас жаңалықтар

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі

berdaly_oraz

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Жеңістің 80 жылдығына орай қос ардагерге көлік табыстады

berdaly_oraz

Пікір жазу