АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАН ОҚУДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

2023 жылы Арыс қаласында пайдалануға берілген зәулім  «Хәзірет Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешіті бүгінде имандылық айнасына айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары бес уақыт мінажат ететін қасиетті орында діни тағылымды іс-шаралар жиі өткізілуде. Солардың бірі — 2025 жылғы 21 тамыз күні «Хәзірет Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен құран оқудан қыздар арасында аймақтық жарыс болып өтті. Биылғы жарыстың басты ерекшелігі – қатысушылар Құранды қазақша мағынасын ашып, қатысушылар  сүрелерді жатқа айту аталымдары бойынша сынға түсті.

Қазылар алқасының құрамында енген Шымкент қаласы «Ықылас» ҚДО орталығының ұстазы Алтынай қари, Арыс қаласы «Әз Тәуке хан» ҚДО орталығының ұстазы Асылайым қари және Алматы қаласы «Балдыгүл ана» Құран жаттау орталығының түлегі әрі Республикалық Құран жарысының жүлдергері Ырысайханым қари қыздарға төрелік етті.

Алла Елшісінің хадистерінде Құран оқу адамды бүкіл болмысымен ізгілікке бет бұрғызатын айтқан. Бір хадисінде: «Егер Құран оқитын мұсылманның ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң, оның тап-таза екенін көресің, егер де жүріс-тұрысына қарасаң, оның көркем мінез-құлықты, биязы екенін көресің» делінген.

Қазылар алқасының құрамында болған  ұстаздар әр қатысушы сыни тұрғысынан баға беріп, қыздардың құран жаттаудағы ынта-жігеріне ризашылық білдірді. Сондай-ақ мешіт ұстаздары құран жаттаудың маңызы туралы  айтып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Құран байқауының нәтижесінде:

1. Құран Кәрімнің 3 парасы бойынша:
І орын – Ғаділбек Аида (50 000 тг)
ІІ орын – Тұрсынбек Талха (40 000 тг)
ІІІ орын – Саидкарим Ясмина (30 000 тг)

2. Құран Кәрімнің 5 парасы бойынша:
І орын – Сағат Раян (70 000 тг)
ІІ орын – Құлмұхаммед Фатима (60 000 тг)
ІІІ орын – Абдуқаһарова Муслима (30 000 тг)
VІ орын (Ынталандыру) – Жүніс Оразай (15 000 тг)

3. Құран Кәрімнің 10 парасы бойынша:
І орын – Хабибуллава Умирниса (Умра)
ІІ орын – Акбарова Фатима (100 000 тг)
ІІІ орын – Саурбекова Дилфуза (70 000 тг)
VІ орын (Ынталандыру) – Қаңлыбай Балым (20 000 тг)

Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. Басты марапат алған  Хабибуллава Умирнисаға Умра сапары тарту етілді.

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Redaktor Arysinfo

Сарыағаштағы ауыл-аймақтарда жаңа медициналық нысандар салынуда

Қарапайым отбасыдан шыққан шымкенттік оқушы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды

Альфия Адамбек