Арыс қаласында орналасқан «MEGA AGAT» кәсіпорнында «Өз кәсібіңді аш» экскурсиясы өтті

Арыс қаласында орналасқан «MEGA AGAT» ЖШС кәсіпорнында «Өз кәсібіңді аш» экскурсиясы жұмыстары өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Экскурсия мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, жастарды жұмысшы кәсіптеріне тарту және сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды басты назарға алғандықтан жүзеге асырылды.

«Арыс жастары» facebook арнасының мәліметінше, іс-шараға жұмыссыз азаматтар, мектеп түлектері және колледж студенттері қатысып, зауыттың өндірістік үдерісімен танысты. Қатысушылар кәсіпорынның қызметімен жақын танысып, өндіріс барысын көзбен көріп, жұмыс процесін сезінуге мүмкіндік алды.

«MEGA AGAT» ЖШС бүгінде құрылысқа қажетті төбе жабыны мен қабырға панельдерін, резеңкелі жол кедергілері мен кәріз құбырларын шығаратын өндірістік цехты іске қосқан. Сонымен қатар, пісте майы мен маргарин өндіретін зауыттардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Кәсіпорын қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, транспорттық-логистикалық орталықты да іске қосқан.

Экскурсияның мақсаты — жастарды кәсіпкерлік негіздеріне баулу. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

berdaly_oraz

«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Пікір жазу