Арыс қаласында шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

Арыс қаласында көктем шыққалы бері шіркейге қарсы кешенді дезинсекциялық жұмыстар қарқынды түрде қолға алынды. Биылғы маусымдық шаралар наурыз айында басталып, шілде айына дейін жалғасады деп жоспарланған.

Қала аумағына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әр секторда арнайы жоспар бойынша залалсыздандыру жүргізілуде. №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі және Ақын-Жақып ауылдары, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді мекендері кіреді.

Ғылыми нұсқамаға сүйене отырып, дезинсекция екі әдіспен жүргізілуде. Шіркей дернәсілдері көбейетін су қоймаларына биологиялық препараттар жіберілсе, шіркей шоғырлануы ықтимал аумақтар — су қорғау аймақтары, жағалаулар мен елді мекендерге жақын 10-15 шақырымдық аумақтар химиялық әдіспен залалсыздандырылуда.

Жұмысқа 2 арнайы техника, 5 дезинфектор және 1 ғылыми маман жұмылдырылған. Дезинсекция сапасын қамтамасыз ету үшін күнделікті бақылау мен мониторинг жүргізілуде.

Жұмыстардың барысын Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков, Арыс қаласы әкімдігі мен ауылдық округтердің жауапты қызметкерлері қадағалап отыр.

Бұл шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғауға, қолайлы санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Моңғолиядағы елшіні ауыстырды

berdaly_oraz

Түркістанда тұрғын үймен қамту мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Түркістан облысында су тасқынының алдын алу шаралары тұрақты бақылауда

berdaly_oraz

Пікір жазу