Арыс қаласында жер қойнауын заңсыз пайдалануға тосқауыл қойылуда

Арыс қаласында жер қойнауын заңсыз пайдалануға тосқауыл қойылуда,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы қатаң шаралар қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында жауапты органдардан құрылған арнайы топ Арыс қаласы аумағында рейд жүргізді.

Тексеру барысында Арыс-Шардара тас жолында белгіленген нормадан артық жүк тиеген ауыр көліктер анықталды. Құрылыс материалдарын тасымалдау кезінде жүк салмағын шамадан тыс арттырған жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Мамандардың айтуынша, жер қойнауын заңсыз пайдалану экологиялық тепе-теңдікті бұзып, жол инфрақұрылымына да кері әсер етеді. Сондықтан алдағы уақытта құм, қиыршық тас тиеген көліктердің жабынының болуы, артық салмақпен жүк тасымалдаудың алдын алу сынды шаралар қатаң бақылауда болады.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану мәселесі тек құқықтық емес, экологиялық және экономикалық маңызға ие. Сол себепті құзырлы органдардың осындай рейдтік шаралары тұрақты түрде жүргізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда “Толағай” жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы тексерілді

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7263 іс-шара басталды

berdaly_oraz

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды

Пікір жазу