Арыс қаласындағы мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізілді

Арыс қаласының білім бөліміне, Арыс қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына қоғамдық бақылаулар жүргізілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы Т.Маханбетов Арыс қаласының білім бөліміне, Арыс қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына қоғамдық бақылаулар жүргізілді.

Арыс қаласы әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық бақылаулар барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, кезексіз қызмет көрсету үшін арнайы қызметкерлер бекітілгені анықталды.

Сондай-ақ, мекемелерге келген қызмет алушыларға «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған және көмек қажет болған жағдайда арнайы кеңесші мамандар қарастырылған.

Проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

Түркістанда “Ана мен бала” орталығы және оңалту орталығы бой көтеруде

Пікір жазу