Арыс қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады

Арыс қаласының әкімі Қайрсар Маңқараев халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жергілікті спортшылармен кездесіп,құттықтады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Жиынға спортшылармен қатар, олардың жаттықтырушылары мен сала мамандары қатысты.

Әкім жеңімпаздарды құттықтап, олардың табыстары тек жеке жетістік емес, тұтас қаланың абыройын көтеретінін атап өтті. Сондай-ақ, спортшыларға қолдау көрсету әрдайым басты назарда болатынын айтып, алдағы жарыстарда да жеңісті жолдарын жалғастыруларына тілектестігін білдірді.

– Сіздердің жетістіктеріңіз – тек өздеріңіз үшін ғана емес, бүкіл қаламыз үшін мақтаныш. Қандай додаға қатыссаңыздар да, жеңіске деген жігерлеріңізбен, қайсар мінездеріңізбен ерекшеленесіздер. Әрдайым биік белестерден көріне беріңіздер. Біз сіздерге қолдау көрсетіп, спорттың дамуына жағдай жасауға дайынбыз, – деді қала басшысы.

Спортшылар мен жаттықтырушылар өз кезегінде көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, болашақта да биік белестерді бағындыруға бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.

– Біз әр жарысқа үлкен дайындықпен барамыз. Біздің мақсат – жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің, туған қаламыздың атын әлемге таныту. Осы жолда қолдау көрсеткен басшылыққа, жанкүйерлерімізге алғысымыз шексіз, – деді спортшылардың бірі.

Кездесу жылы әрі мотивациялық атмосферада өтті. Спортшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен таныстырды. Қала әкімдігі алдағы уақытта да спорттың дамуына жағдай жасап, жас чемпиондардың көбеюіне қолдау көрсететінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

Альфия Адамбек

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

Түркістан облысында ер адам сарайында есірткі жасырып ұстағаны анықталды

berdaly_oraz

Пікір жазу