АРЫС: МҰРАЖАЙДАН САПЕРЛЫҚ БАТАЛЬОНҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Арыс қалалық Орталық мұражайы ішінен №44859 әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілерді залалсыздандумен айналысатын инженерлік-саперлік батальон құрметіне арнайы бұрыш ашылды. Мұндағы мақсат — қауіпті оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ерен еңбегін мәңгілікке ұлықтау және ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынды.

Ашылу салтанатына ҚР Қарулы күштері инженерлік әскерлері департаментінің бастығы, полковник Руслан Жансейтов, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Айбын әскери-патриоттық клубының жас сарбаздары және әскерилер мен қала тұрғындары, сала ардагерлері мен қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың туыстары қатысты.

Іс-шарада сөз алған полковник Руслан Жансейтов ел үшін жан қиған сарбаздардың ерлігін еске алу мақсатында ұйымдастырылған бұл бұрыштың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Музей ішінен ашылған арнайы аумақты саперлық батальонның қолданған құрылғылары, снаряд түрлері, және жауынгерлердің қызмет барысындағы фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың өмірбаяндарымен танысуға мүмкіндік бар.

Осы ашылу салтанатының бір бөлімі ретінде батальон арнайы көрме ұйымдастырды. Мұнда келген қонақтар саперлар қолданатын күнделікті құрал-саймандарды көріп, олардың қалай қолданылатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Келушілер мұндай шаралар жастар арасында әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады

berdaly_oraz

Шымкентте тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны басталды

Альфия Адамбек

Түркістандық тұрғын автокөліктен магнитафон ұрлап кеткен

Альфия Адамбек

Пікір жазу