Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады

Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады. Кездесуге сот, прокуратура, екінші деңгейлі банктер мен байланыс операторларының аймақтық филиалдарының басшылары қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев төрағалық еткен жиында қаржы алаяқтықтарының жиілеп кеткені және оларға қарсы күресті күшейту қажеттігі сөз болды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Ермек Шәкім аймақтағы ахуал туралы баяндама жасап, соңғы уақыттағы тіркелген оқиғаларға талдау жүргізді.

Кездесу барысында жәбірленушілердің кейбіріне бір күннің ішінде бірнеше банктен несие рәсімделгені анықталғаны айтылды. Осыған орай, банктер тарапынан қауіпсіздік шараларын күшейту маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ, алаяқтық әрекеттердің көпшілігі телефон арқылы жүзеге асатындықтан, байланыс операторларына деректерді өңдеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қатысушылар қылмыстың бұл түрімен күресу үшін мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің өзара ынтымақтастығын арттыру қажет екенін атап өтіп, бірлесе әрекет етуге уағдаласты.

 

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: БАДАМ АУЫЛЫНДА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді