АРЫС ЖАРЫЛЫСЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БИЫЛ 5 ЖЫЛ ӨТТІ

Биыл Түркістан облысы Арыс қаласындағы №44859 әскери горнизонының инженерлік-саперлық батальонның құрылғанына 5 жыл толды. 2019 жылы техногендік сипатта орын алған жарылыс салдарын жою үшін ҚР Қарулы Күштері аянбай еңбек етуде. Ағымдағы жылы аталған жұмыстар жалғасын тауып,  2024 жылғы оқ-дәрілерді залалсыздандырудың қорытындысы ретінде қалалық мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті.
Шара барысында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Қарулы күштері инженерлік әскерлері департаментінің бастығы Руслан Жансейтов бірқатар азаматтарға ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы, генерал-лейтенант С.Қамалетдиновтың алғыс хатымен, сонымен қатар «Минасыздандырудағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен марапаттады.
Бұдан кейін, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов жиналған көпшілікті инженерлі-саперлі батальонының құрылғанына 5 жыл толуымен құттықтады. Шараның маңыздылығына тоқталып, шараның мақсаты жас ұрпаққа саперлардың ерлігін таныстыру, ел қорғаушыларын мақтан тұтуға шақыру көзделгенін атап өтті. Бірқатар сарбаздарды қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Әрі қарай, салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Онда қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен әскери бөлімнің талантты сарбаздары патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университетін ашу бойынша келіссөз жүргізілді

073/е медициналық анықтамасы енді eGov Mobile-да қолжетімді

berdaly_oraz

Дендросаябақта алкогольдік ішімдік ішкен 15 жасар қыздың анасы жазаланды