Арыста алтын құрсақты аналар марапатталды

Арыста көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Игі шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, нәзік жандыларға мемлекеттік наградаларын табыстады. Салтанатты жиында 19 анаға «Күміс алқа», 7 анаға «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталды.

Қала басшысы өз сөзінде аналардың қоғамдағы рөлі мен олардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті.

«Сіздер – еліміздің болашағын қалыптастырып отырған ардақты аналарсыздар. Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз бен төзімдеріңізге бас иеміз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер!» деді ол.

Марапатқа қатысқан аналар алғыстарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте аспалы арқанжол салынбақ

Альфия Адамбек

Арыста Көрісу мерекесі кең көлемде аталып өтті

berdaly_oraz

Ертең Түркістан төрінде президент Тоқаев пен Бердімұхамедов маңызды кездесу өткізеді

berdaly_oraz

Пікір жазу