Арыста мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық спартакиада өтті

Арыста 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жарысқа қатысушылар кіші футбол, арқан тарту, ләңгі, асық ату, қол күресі сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.

Спартакида барысында қала басшысы Қайсар Маңқараев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шаһар басшысы мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының жауапкершілігін сезініп, өз елінің патриоты болуға міндетті екенін айтып, қатысушыларды тартысты ойын көрсетуге шақырды.

Қоғам айнасы саналған мемлекеттік қызметкерлердің басын қосқан жарысқа қала әкімі аппараты және дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден құрама командалар қатысты.

Бұқаралық спорт түрлері мен салауатты өмір салты қағидаларын дәріптеу іс-шараның басты мақсаты болып табылады дейді ұйымдастырушылар.

Бір сәт кеңседегі құжаттардан босап бар күшін спорт алаңына жұмсауға асыққан қатысушылар жарыстың көрігін қыздыра түсті.

Жарыс нәтижесінде жалпы есеп бойынша І орынды қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық жетекшілік ететін сала мамандары жеңіп алды. Ал әкім орынбасары Рысдәулет Айтбаев жетекшілігіндегі бөлім мамандарынан құралған команда ІІ орынды қанжығасына байласа, әкім аппаратынан құралған команда ІІІ орынды еншіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы ауданынан 2 мың оқушы жазғы сауықтыру лагеріне барады

Сарыағашта 800-ден аса адам сенбілікке қатысты

Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды

Пікір жазу