АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОШАРАСЫ АЯСЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Арыста «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Арыс-Шымкент тас жолы бойынан басталған тазалық шарасы қала мен ауылдық елді мекендердің барлық аумағын қамтыды. Сенбілікке қала әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің ұжымдары, жастар, спортшылар мен мәдениет саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты.

Экошараның негізгі бөлігі 17 секторға бөлінген секторларда ұйымдастырылды. Әр секторға мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген. Тазалық жаршылары қолдарына күрек, тырма ұстап, қураған шөптерді шауып, айналаны қоқыстан тазартты. Жиналған қалдықтар арнайы қаптарға салынып,арнайы техника көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Мәселен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оған қарасты мекеме қызметкерлері Сырдария елді мекені аумағын тазартуға атсалысты. Ал спортшылар мен мәдениет майталмандары Арыс-Шымкент тас жолының бойын арамшөптерден, күл-қоқыстан арылтты.

Арыс қаласы тұрғындарының бірлігі мен жауапкершілігі көрініс тапқан бұл сенбілік шаһардың экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосары анық.

Ұқсас жаңалықтар

eGov.kz порталы мен қосымшасы уақытша істен шығады

berdaly_oraz

Ата-аналар әскердегі ұлдарының қызмет ету жағдайларымен танысты

Түркістан облысының тұрғындары браконьерлік үшін сотталды

berdaly_oraz

Пікір жазу