Арыста “Түнгі қаладағы балалар” шарасы өтуде

Арыста “Түнгі қаладағы балалар” шарасы өтуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Арыс ауданы аумағында 27-29 шілде күндері аралығында  «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық  іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер қылмысының  алдын алу  және  білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу,  кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарға жол бермеу болып табылады.

Аудан тұрғындарынан өткізілетін шараға түсіністік танытып, жасөспірім балаларына жауапкершілікпен қарауды сұранамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Әуезов театры Түркістанда 5 күн бойы үздік қойылымдарын сахналайды

Түркістанда кәріз жүйелері бойынша ауқымды жобалар жүзеге асуда

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Redaktor Arysinfo