Арыста заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қойылды
Қала аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында қала әкімінің өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топ құрамы Арыс АПБ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушыларға қарсы мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Кезекті рейдтік шара барысында қалаға қарасты Жиделі ауылдық округі аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар анықталып, тиісті заңнамаға сәйкес жұмысы тоқтатылды.
Аталған бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
