Арыста «Жас сарбаз-2025» сайысының үздіктері анықталды

Арыс қаласында әскери-патриоттық бағыттағы «Жас сарбаз-2025» сайысы өз мәресіне жетті. Отансүйгіш жастарды тәрбиелеуге бағытталған бұл дәстүрлі дода биыл да жоғары деңгейде өтіп, жас ұландардың ептілігі мен әскери дайындығы сынға түсті.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Қорытынды кезеңге жолдама алған 5 команда түрлі сынақтардан өтіп, өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар саптық ән айту, қаруды бөлшектеу-жинау, қорғаныш киімін кию сияқты тапсырмаларды орындап, күш пен шыдамдылық талап етілетін жарыстарда да бақ сынады.

Зал толы жанкүйерлер жас сарбаздарға демеу болып, олар өз шеберліктерін көрсетуге барын салды. Қыздар денені көтеру және ептілік сынақтарында ерекшеленсе, ұлдар ауырлық көтеру мен төзімділікке арналған кезеңдерде мықтылығын дәлелдеді.

Жеңімпаздар:
– Бас жүлде – И. Журба атындағы мектептің «Ұлы Тұран» тобы (102 ұпай);
– 1-орын – Ж. Тәшенов атындағы мектептің «Айбын» тобы;
– 2-орын – Ә. Жангелдин мектебінің «Отан сақшылары» тобы;
– 3-орын – С. Адамбеков мектебінің «Ер Тұран» және М. Әуезов мектеп-гимназиясының «Тұран» тобы.

Биылғы сайысқа барлығы 23 команда, 160-тан астам қатысушы және 25 жетекші қатысты. 20 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан бұл сайыс жастардың әскери дағдыларын дамытуға, отансүйгіштік рухын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау облысындағы кеніш апаты: Қаза болған кеншілердің отбасыларына өтемақы төленеді

berdaly_oraz

Қазақстанда картоп бағасын тұрақтандыру үшін жаңа әдіс ұсынылды

berdaly_oraz

Түркістанда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр

Пікір жазу