Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында Арыс қаласында орналасқан 44859 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Қаланың бес жалпы білім беретін мектебінің 80-нен астам оқушылары әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен және олардың күнделікті қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу нүктесінде қонақтарды бөлім командирінің орынбасары подполковник Бағдат Мыңбаев қарсы алып, бөлімнің тарихы, оның жауынгерлік жолы және қазіргі кездегі міндеттері туралы айтты. Болашақ түлектер үшін келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру перспективаларына, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу мәселелерімен таныстырды.
— Мұндай іс-шаралар жастардың мемлекеттік құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ әскери мамандыққа деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі кездесу жастарға Қарулы күштердегі қызмет туралы көрнекі түсінік алуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті подполковник Бағдат Мыңбаев.
Оқушылар үшін ұйымдастырылған бағдарлама барысында әскери қызметшілер саптық дайындық бойынша сабақтар өткізіп, қонақтарды шеру негіздеріне үйретті, инженерлік элементтерін көрсетті және бөлім аумағы бойынша экскурсия жасалды. Балалар казармалық үй-жайларға барып, асхана мен спорт залмен танысты.
Сонымен бірге инженерлік қару-жарақ, әскери техника және мүлік үлгілерімен танысу қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, инженерлік бөлімшелердің нұсқаушылары жарылғыш құрылғыларды анықтау технологияларын көрсетті, соның ішінде қашықтан басқарылатын «Теодор» мина тазалау роботымен жақынырақ таныстырды.
Сондай-ақ, жастар қару-жарақты шашу және жинау бойынша практикалық сабақтарға қатысып, оқу-жаттығуларын орындап, белсенділік танытты. Кездесу соңында оқушылар әскери қызметшілерге жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдіріп, жауынгерлердің үлгісімен шабыттанып, оқуда, спортта жетістікке жетуге ұмтылатынын және өз елінің лайықты азаматтары болуға ұмтылатынын атап өтті.