Арыстық дарынды оқушылар Стамбулдан жүлдемен оралды

Маусым айының 20 күні Түркияның Стамбул қаласында халықаралық деңгейдегі ауқымды білім бәйгесі өтті. Олимпиадаға Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және ОАӘ секілді мемлекеттерден 150-ден астам дарынды оқушы қатысып, менталды арифметика, математика және ағылшын тілі пәндерінен өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстан атынан бұл жарысқа 18 оқушы қатысқан болса, олардың ішінде Түркістан облысы, Арыс қаласының шәкірттері де бар. Арыстық балалар білімдерін дәлелдеп, ел абыройын асқақтатып, жүлделі орындар иеленді.

Әсіресе Арыс қаласындағы «GoldenBrain» оқу орталығының оқушылары керемет нәтиже көрсетті. Атап айтқанда:

Елеусіз Анель – алтын медаль

Мейіржан Алинұр – алтын медаль

Қашқынбай Абылай – күміс медаль.

Оның ішінде Абылай мен Алинұр Қырғызстан Республикасында өтетін менталды арифметикадан әлемдік жарысқа жолдама жеңіп алды. Бұл – тек өздерінің ғана емес, Арыс қаласының, ұстаздарының, ата-аналарының еңбегін әлем алдында дәлелдейтін үлкен мүмкіндік.

Халықаралық білім додасында топ жарған оқушыларымызды, олардың ата-аналарын және ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, білімге деген құштарлықтың және сапалы оқытудың жемісі.

Арыс қаласының дарынды жастары алдағы уақытта да білім көкжиегінде биіктен көрініп, ел мақтанышына айнала берсін!

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 400 мыңнан аса ағаш егілді

berdaly_oraz

6–9 МАМЫР: ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Бәйдібек ауданында тағы бір елді мекен газбен қамтылды

Пікір жазу