Әскери қызметкерлерге «кредиттік демалыс» берілетін болды

Сурет: Dknews.kz

Қазақстанда мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігі берілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «кредиттік демалыс» енгізу арқылы сарбаздар несие қарызын уақытша төлемеуге мүмкіндік алады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Бүгінгі таңда 17 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 6,6 млрд теңгеге жуық несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін иеленген. Бұл қадам олардың несие қарызын өтеу мәселесін уайымдамай, Отан алдындағы борышын өтеуіне жағдай жасайды.

Қаржы ұйымдары мен мемлекет арасындағы келісімнің негізінде:

  • Несиенің негізгі қарызы мен сыйақысы кейінге шегеріледі.
  • Қарызды өндіру немесе сотқа жүгіну тоқтатылады.
  • Мәжбүрлі өндіріп алу мен сот шешімдерін орындау уақытша тоқтатылады.

Несие төлеу міндеттемесі уақытша тоқтатылады

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банк қарыздары мен микрокредиттер туралы ақпаратты жинақтап, несие берушілерге жолдайды. Осыған сәйкес, әскерге шақырылған сарбаздардың несиелері 13 айға дейін шегеріледі, ал бұл уақытта оларды сотқа беру, айыппұл қосу немесе жылжымайтын мүлікті тәркілеу жүзеге аспайды.

Бұл бастама жастардың әскерге бару үрдісін жеңілдетіп, Отан алдындағы міндетін абыроймен өтеуіне мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «ШЕКСІЗ ӨНЕР – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Туркестанская область под руководством акима Нуралхана Кушерова: год масштабных преобразований

berdaly_oraz