Астанада бірінші мәрте Қазақстан-Қытай көлік форумы ұйымдастырылды

 

Астанада алғаш рет өтіп жатқан Қазақстан-Қытай көлік форумы елдегі көлік-логистика саласының дамуына тың серпін бермек. Іс-шараға Қытай мен Қазақстанның көлік, логистика, бизнес салаларындағы 300-ден астам өкіл қатысуда. Форум аясында B2B (бизнес-бизнеске) және G2B (мемлекет-бизнеске) форматындағы кездесулер өтуде.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл форум алдағы уақытта дәстүрлі, жыл сайынғы алаңға айналады деген үміт бар.

Маңызды келісімдердің бірі ретінде SPG Циндао порттар тобы мен Қазақстанның Құрық порты арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, тараптар порт инфрақұрылымын дамыту, цифрландыру, экологиялық стандарттарды енгізу, кадр даярлау және басқару процестерін оңтайландыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында екіжақты жұмыс сапарларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жуырда Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы басталады

Альфия Адамбек

Пробация қызметі есебіндегі азаматтарды өмірге қайта бейімдеуге күш салынады

Еліміздің бір облысында 510 бас ірі қарадан бруцеллез анықталды

Пікір жазу