АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жоба жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді және жалпыұлттық болып саналады. Еліміздің барлық өңірлерінде лауреаттарды анықтау мақсатында шығармашылық байқаулар өткізілді.
Жоба өскелең ұрпақты — мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, сондай-ақ түрлі этнос жастарын Қазақстан халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің және қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының әр жылдардағы жеңімпаздары бірлесіп өнер көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, ТУҒАН ЕЛ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында май құю бекетіндегі жарылыстан үш адам зардап шекті

Арыстағы әскери бөлімшеде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті